Жарнама
Экология

Жасыл Қазақстан – болашақ ұрпаққа аманат

Қоршаған ортаға жанашырлық таныту және оған үлкен жауапкершілікпен қарау – ұлттық идеологияның өзегіне айналуы тиіс. Бұл – қазіргі заманда әрбір елдің тұрақты дамуы мен өркениетті қоғам қалыптастыруының басты шарты.

aad8d07d a4ba 453f ac77 cfa6612f9341 1

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай, қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы барша халықтың экологиялық мәдениетін арттыруға зор серпін берді. Миллиондаған азаматтың қатысуымен еліміздің түкпір-түкпірінде табиғатты қорғау, тазалық сақтау, ағаш отырғызу шаралары ұйымдастырылуда. Оның нақты нәтижесін де көріп отырмыз: 860 мың гектардан астам аумақ тазаланып, 4 миллионнан астам ағаш егілді. Мұның барлығы – әр қазақстандықтың туған жерге деген сүйіспеншілігінің айқын дәлелі.

7c89cf18 46b3 4c92 86bc cc978ca3c09f

Атырау өңірі – еліміздің басты өнеркәсіптік орталықтарының бірі. Сол себепті экологиялық ахуал біздің аймақ үшін ерекше маңызды. Мұнай-газ өндірісімен қатар, халықтың тұрмыс сапасы, денсаулығы және болашақ ұрпақтың амандығы – қоршаған ортаның тазалығына тікелей байланысты. Сондықтан біз, Экология департаменті, табиғатты қорғау ісінде тек қана мемлекеттік бақылаумен шектелмей, қоғамның белсенді қатысуына үлкен мән береміз.

Жолдауда атап өтілген тағы бір маңызды тұс – тазалық мәдениетін мектептен бастап қалыптастыру қажеттігі. Біз бұл бағытта облыстық білім беру мекемелерімен бірлесіп, экологиялық сабақтар, жасыл акциялар, оқушылар мен студенттердің еріктілік жобаларын кеңейтіп жатырмыз. Жастардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру – ертеңгі экологиялық қауіпсіздіктің кепілі.

861bf6e1 a449 445c 84bc 3b1e943febc7

Сонымен қатар, өңірімізде жасыл аймақтарды көбейту, көгалдандыру жұмыстарын жандандыруға ерекше көңіл бөлінуде. Қоғамдық ұйымдар, еріктілер, жергілікті тұрғындармен бірлескен бастамаларды қолдау арқылы бұл істі жүйелі жүргізуге мүмкіндік бар.

Президенттің «Қазақстан нағыз жасыл елге айналуы тиіс» деген сөзі – баршамыз үшін үлкен бағдар. Атырау облысы бойынша Экология департаменті осы бағыттағы міндеттерді толық қолдай отырып, табиғатты қорғау, экологиялық мәдениетті орнықтыру және жасыл ел құру ісінде аянбай еңбек етеді.

Біздің басты мақсатымыз – туған жерімізді келешек ұрпаққа таза табиғатымен, жасыл орманымен, мөлдір суымен аманат ету.

Асқар ЖҮСІПОВ,

Атырау облысы бойынша экология департаментінің басшысы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button