КИІКТІҢ КИЕСІ ҰРМАСЫН ДЕСЕК…

7qzm5jsgj6geyqb5 lg Экология

Облыс аумағында 8-18 тамыз аралығында «Киік» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Мақсат – киіктерді заңсыз аулау фактілерін анықтау мен жолын кесу. Аталған шара аясында полиция мен табиғат қорғау қызметтері бірлесіп, киіктердің мекендеу ареалдарында рейд ұйымдастыратын болады.

Ал, Қылмыстық кодекстің 339-бабына (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сүйенсек, киіктерді заңсыз аулаған, сақтаған, өткізген және тасымалдағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Аман ШАМАР

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз