Жарнама
Экология

Жайық жағалауындағы ағаштар неге кесіліп жатыр?

Атырау қаласындағы «Авангард» шағынауданы, Жайық жағалауы бойында қураған ағаштарды кесу жұмыстары жүргізілуде.

Мамандардың айтуынша, бұл ағаштар 50-60 жыл бұрын отырғызылған және бүгінде толықтай қурап, қауіпті жағдайға айналған. Сонымен қатар жағалау аумағын қоқыстардан тазалау жұмыстары атқарылып жатыр.
Қала экологиясын сақтау мақсатында кесілген ағаштардың орнына көктем, жаз айларында жаңа көшеттер отырғызу жоспарланған.

Қазір аталған жұмыстарды «АрнаулыАвтобаза» мекемесі жүзеге асыруда. Қала тұрғындары үшін жағалаудың экологиялық жағдайын жақсарту әрі көріктендіру мақсатында бұл бастама маңызды рөл атқарады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button