Жайық өзені 20 сантиметрге көтерілді

ayaaa Экология

Бүгін Атыраудағы гидропостта су деңгейінің 20 сантиметрге көбейгені байқалды. Бұл туралы «Қазгидромет» мекемесінің облыстық филиалы мәлімдеді.

Гидрологиялық мониторинг бойынша Индерборда – 44 см, Махамбетте – 62 см, ал Атырауда 20 сантиметрге көтеріліпті. Айтпақшы, Иректі су қоймасынан ағызылған су қарқыны әзірге тұрақты, бұл көрсеткіш секундына 1670 текше метрді құрайды.
Еске салайық, «Росгидрометтің» болжамына сәйкес, Жайық өзені қауіпті саналатын 550 сантиметрлік деңгейге көтерілуі мүмкін.
Малика ТӘКЕЖАНОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз