Жайық деңгейі: қазіргі ахуал қандай?
Бүгінде Жайық өзеніндегі су деңгейін бақылап отыру — маңызды ақпараттың бірі. Батыс Қазақстан облысы бойынша тіркелген мәліметтерді оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік.
Batystoday ресми ақпарат көзі таратқан мәлімет бойынша, 11 сәуір сағат 16.00-де Орал қаласының гидропосты Жайық өзенінің су деңгейін 731 см деп көрсеткен. Сегіз сағат ішінде су 4 сантиметрге көтерілген.
Ал Ресей Федерациясындағы әріптестердің айтуынша, Жайық өзеніндегі су деңгейі Орынбор қаласы аумағында 1060 сантиметрді құрайды. Бір тәулікте өзендегі судың деңгейі 82 сантиметрге көтерілді.
Орынбор қаласында Жайық өзеніндегі су тасқынының шекті көтерілуі 12 сәуірде күтіледі. Ал БҚО-да су тасқынының жоғары көрсеткіші 17-19 сәуірде байқалады.
Иректі су қоймасынан су ағызу секундына 902 текше метрді құрайды.
Бүгін сағат 16.00-де Чувашинское гидропосты Шаған өзендегі су деңгейін 1040 см деп көрсеткен, 8 сағат ішінде өзендегі су деңгейі 34 сантиметрге төмендеген.
Ал 12 сәуірге жасалған болжам бойынша, ауа райы жауын-шашынсыз, түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман болады.
Ауа температурасы түнде 5-10, күндіз 21-26 градус.
Орал қаласында күн райы ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 22-24 жылылықты көрсетеді.
Дайындаған А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ