Құлсары қаласында қоқыс жинайтын 57 контейнерлік алаң салынды

screenshot 6 5 Экология

Жылыой ауданының орталығы Құлсары қаласында 57 қоқыс жинайтын контейнерлік алаң салынды, деп хабарлайды Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын аудан әкімі Жұмабек Қаражанов қала тазалығына байланысты жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырмалар берген болатын. Оның ішінде стихиялық қоқыс алаңдарын анықтап, оларды тазалау және ықшам аудандарға контейнерлер орнату жұмыстары да бар еді. Бүгінде айтылған тапсырмалар тиісті деңгейінде орындалуда.

– Қала тазалығы – мәдениеттің өлшемі. Шаһар көшелерінің тазалығы, жол жиектерінің жасыл желекпен көмкерілуі, абаттандырылуы тұрғындардың барлығы үшін маңызды. Сондықтан тазалыққа көп көңіл бөлініп жатыр,- деді қала әкімі Қадыржан Адинов.

Оның айтуынша, бүгінде Құлсары қаласындағы 13 ықшам ауданға, оның ішінде Қамыскөл жағалауына 57 контейнерлік алаң салынды. Сондай-ақ, алаңдарға 285 дана евроконтейнер қойылып отыр. Оған қоса аудан аумағында 55 стихиялық қоқыс алаңы анықталып, оның 50-і тазаланып, қалғандарына тазалау жұмыстары жүріп жатыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз