Жайық деңгейі көтерілуде

e1334ff1 447f 4dd6 b1ae 1aa23021289d e1712495061311 Экология

Бүгін Иректі су қоймасынан тасыған су қарқыны бәсеңдеді. Тәуліктік көрсеткіш секундына 1670 текше метрді құрады. Бұл Иректі су қоймасының ресми парақшасында жарияланған мәлімет.
Ал Жайық өзенінің жоғарғы ағысында су деңгейі көтерілуде. Тәуліктік көрсеткіш бойынша Индербор гидропостында су деңгейі 55 см-ге, Махамбетте 42 см, ал Атырауда 8 смантиметрге көтерілген.
Айта кетейік, «Росгидрометтің» болжамына сәйкес, Жайық өзені 540-600 сантиметрге дейін көтерілуі күтілуде.

Малика ТӘКЕЖАНОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз