Жарнама
Экология

Заңсыз қоқыс үйінділері жойылып жатыр

Атырау облысында рұқсатсыз қоқыс орындарын анықтау және жою жұмыстары жалғасуда. Бұл бағыттағы шаралар «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ жүргізген спутниктік бақылау нәтижелеріне, сондай-ақ тұрғындар мен белсенділердің әлеуметтік желі арқылы жолдаған шағымдарына сәйкес жүзеге асуда. Атырау облысы бойынша Экология департаменті қалалық және аудандық әкімдіктермен, полиция департаменті және коммуналдық қызметтермен бірлесіп, заңсыз тұрмыстық қалдықтар тастаған тұлғаларды анықтау мақсатында тұрақты түрде рейдтік шаралар ұйымдастыруда.

845b2f14 1fc3 44b4 9e6d 0408bf527549

Бүгін Атырау қаласындағы “Жөнеген” зираты маңында рұқсатсыз тасталған қалдықтарды тазалау жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, «Арнаулыавтобаза» ЖШС қызметкерлері мен арнайы техника жұмылдырылып, аумақ қоқыстан тазартылды.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясының спутниктік түсірілімдеріне сәйкес, биыл облыс бойынша рұқсатсыз қалдықтардың 40 орны тіркелген. Оның ішінде 19-ы Атырау қаласында, 7-еуі Махамбет, 13-і Жылыой, 1-еуі Мақат аудандарында орналасқан. Қазір олардың бірқатары тазартылып үлгерді. Атап айтқанда, Атырау қаласында – 5, Жылыойда – 13, Мақатта – 1 және Махамбет ауданында 3 рұқсатсыз қоқыс орны жойылған.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button