Жарнама
Экология

«Таза су айдындары»: нәтижесі қандай?

Елімізде өткен екі ай бойы «Таза су айдындары» экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған акция аясында республиканың батыс аймағында да ауқымды жұмыстар атқарылды.

Мәселен, Маңғыстау облысында Каспий теңізінің жағалауында жүргізілген тазалық жұмыстарына 260-қа тарта адам, 50 автокөлік және 3 су көлігі жұмылдырылды. Нәтижесінде, жағадан табылған 6 балық аулау құралы тәркіленіп, 17 тоннаға жуық тұрмыстық қалдық жинақталып шығарылған. Батыс Қазақстан облысы бойынша елдік шараға 701 адам, 194 автокөлік пен 87 су көлігі қатыстырылды. Қорытындысында барлығы 122 ау құралы мен 22,4 тонна қалдық айдын жағалауынан арнайы қоқыс төгетін орындарға тасымалданды. Сәйкесінше, Атырау облысы аумағында да осындай жұмыстар жүзеге асырылыпты. Мұнда да жоспарланған іс-шаралар шеңберінде Жайық пен Қиғаш өзендерінің жағалау аймақтары қамтылды.
-Биылғы «Таза су айдындары» акциясына барлығы 1700 адам, 164 автокөлік пен 56 су көлігі тартылды. Олардың күшімен қараусыз қалған 742 ау құралы, 94 тоннадан астам тұрмыстық қалдық жағалаудан тазартылып алынды, — деді «Жайық-Каспий» облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының өкілі Рүстем Қорқытов.

Дәулетқали АРУЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button