Жарнама
Экология

“Таза Қазақстан”: Атырауда кең ауқымды сенбілік өтті

„Наурызнама“ онкүндігі бағдарламасында белгіленген „Тазару күні“ шеңберінде және „Таза Қазақстан“ жалпыұлттық тазалық акциясы аясында Атырауда да тазалық жұмыстары жалғасын тапты. Оны облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы ұйымдастырды.

99d3aef2 2d99 4653 b815 be2fd90ed647

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, шараға шаһар тұрғындары, қаладағы бірқатар кәсіпорын-мекеме қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, қоғам белсенділері мен ерікті жастар, оннан астам техника қатысты. Олар Жайық өзенінің жағалауында, сондай-ақ жекелеген шағын аудандарда тазалық жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, барлығы 20 тонна қоқыс жинақталып, далаға шығарылды. Жалпы сенбілікке тартылғандардың саны 1500-ден астам адамды қамтыды.

3dd4daaf 8a42 415d b28d 0f8b35a6b7b6

— Қоршаған ортаның тазалығын сақтау және халықтың экологиялық мәдениеті мен сауаттылығын арттыру мақсатын көздейтін мұндай шаралар бір күнмен шектеліп қалмай, тұрақты үрдіске айналып келеді, — дейді мамандар.

da9d84e6 8512 4144 ba14 38dc54dfe7b6

Дәулетқали АРУЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button