Жарнама
Экология

“Таза бейсенбі”: Индер жастары табиғатқа жанашырлық танытты

«AMANAT» партиясының Индер аудандық филиалының бастамасымен Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кентінде экологиялық тәрбие мен тазалықты насихаттауға бағытталған «Таза бейсенбі» акциясы ұйымдастырылды.

4fabe8fb 662a 4c22 adb9 19778263e175

Тазалық іс-шарасына ауданның белсенді жастары қатысып, қоғамдық орындардың тазалығына үлес қосты. Олар Орталық саябақ аумағын қоқыс қалдықтарынан тазартып, арам шөптерді жұлып, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

039d008b 42f0 48b2 90d4 440f51b2c35c

– Ата-бабамыз «Тазалық – саулықтың негізі, саулық – байлықтың негізі» деп бекер айтпаған. Қоршаған ортаның тазалығы – ұлт денсаулығының кепілі. Бүгінгі «Таза бейсенбі» акциясы осы ұстанымды жүзеге асырудың бір жолы деп білеміз. Бұл шара жастардың табиғатқа деген жанашырлығын оятуға, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған.

Бүгінгі жастардың белсенділігі бізді қатты қуантты. «Жас келсе – іске» дегендей, өрендеріміз осындай игі бастамалардың алдыңғы шебінен табылып жатса, ертеңіміздің жарқын болары кәміл.

Партиямыздың басты мақсаты – елмен етене жұмыс жасап, қоғамға нақты үлес қосу. Сондықтан «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Бұл тек бір күндік іс емес, партияластардың өмір салтына айналған игі әрекет, — деді «AMANAT» партиясы Индер аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ақжібек Сабырғалиева.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button