Жарнама
Экология

Табиғатты қорғау — адамзаттың борышы

Қоршаған ортаны қорғау – тек бүгінгі күннің ғана емес, келер ұрпақтың болашағы үшін аса маңызды. Табиғат – адамзаттың тіршілік негізі, сондықтан оны аялау, қорғау – әр азаматтың парызы. Осы мақсатта еліміздің әр өңірінде экологиялық сананы қалыптастыруға бағытталған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Соның бірі – «Табиғатты аяла» республикалық форумы.

07f28c4d 6ba7 490f a7bf 6b2e38a223a1

Аталған форумда жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілері өз білімдерін ортаға салып, түрлі жобаларын таныстыруда. Форумға қала мен аудан мектептерінен іріктелген 38 оқушы қатысуда. Олардың арасынан үздік шыққандар мамыр айының соңында өтетін республикалық кезеңге жолдама алады.
Форум «Жасыл клуб», «Жасыл сахна», «Экоблогер» және «Үздік эко-дизайн» атты төрт форумнан тұрады.

089656a5 a957 4df6 b9dc efea3107188e

– «Жасыл клуб» номинациясында оқушылар жасыл қала концепциясы, болашаққа көзқарас, инновациялық таза технологиялар және өмір сапасын жақсартуға бағытталған жобаларын қорғайды. «Жасыл сахна» бағытында қуыршақ театры арқылы экологиялық мәселелерді көтерген бейнероликтер мен қойылымдар ұсынылады. «Экоблогер» – әлеуметтік желіге бейімделген бейнематериалдар байқауы. Ал «Үздік эко-дизайн» бағытында мектеп оқушылары табиғатқа зиянсыз материалдардан жасалған бұйымдарын көрсетеді, – деді облыстық Білім беру басқармасына қарасты «Таланттарды анықтау және қолдау» орталығының директоры Қайырғали Азилов.

ced4207a 2a2a 4313 a453 eb9102917db9

Форумға қатысушылардың бірі – Ж.Досмұхамедов атындағы мамандандырылған мектеп-лицейдің 10-сынып оқушысы Аслан Өтепқали. Ол «Жасыл клуб» номинациясына «Жасыл шаңырақ» атты ерекше жобасын ұсынды. – Басты мақсатым – құрылыс материалдарын экологияға пайдалы етіп шығару арқылы Атырау қаласының ауа сапасын жақсарту, – дейді Аслан. Оның жобасындағы шатыр үш қабаттан тұрады. Бірінші қабаты – бетон, ол шатырды сыртқы әсерден қорғап, су өткізбейтін қызмет атқарады. Екінші қабат – активтелген көмір, ол ауадағы зиянды бөлшектер мен түтінді өзіне тартып, ұстап қалады. Ал үшінші қабат – титан диоксиді, бұл қабат күн сәулесінің әсерінен ауадағы зиянды пигменттерді ыдыратып, оларды көмірқышқыл газына, суға және нитрат иондарына айналдыруға ықпал етеді,-дейді ол.

b5d1193a 73e3 40cd baa9 5677407343a8

Айта кету керек, байқау нәтижесінде үздік деп танылған оқушылармен бірге, олардың ұстаздары да алғыс хаттармен марапатталады.

Еркеназ ҚАЛИЖАН
Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button