Жарнама
Экология

ТАБИҒАТТЫ ТАНУ – ҰРПАҚ ПАРЫЗЫ

Алдымен Дамбыда орналасқан «Жайық-Атырау» бекіре өсіру зауытына барған қатысушылар шабақтарды өсіруден бастап теңізге шығаруға дейінгі бекіре өсіру процесі туралы толық мағлұмат алды. Алғаш 1998 жылы 16 қыркүйекте іске қосылған республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын 3,5 млн. дана бекіре тұқымдас балықтардың шабағын өсіруді қолға алған. Мұнда балықтың түрі көп – қорытпа, бекіре, шоқыр, пілмай, сүйрік. Аталған кәсіпорында 75 маман қызмет етеді. 
Кейін бүркітпен аң аулау, ат үстінде серуендеу, сонымен қатар көшпенділердің ежелгі тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрыптарымен танысу үшін оқушылар жылқы өсіру фермасын тамашалады. Осыдан соң экологиялық тәрбие беру мақсатында интеллектуалдық ойын-сауық ұйымдастырылды.
Қатысушылардың назарына бірден су қойнауында қамыс және қоғамен көмкерілген ну тоғайлардың ерекше ажары ілінді. Жалтыр қарабайлар құрт-құмырсқа, шыбын-шіркейлерге іздеу салса, көрікті құтандар су айдынында ерсілі-қарсылы жүзіп жүрді.
— Бұл — өзен үйректері мен сүңгуір үйректер, сұр қаздар және сұңқылдақ аққулар түлейтін орын. Жағалаудағы және судағы экожүйелерде құстардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері қызыл және бұйра бірқазандар, сары, кішкентай сарықұтандар, жалбағай, қарабай және кеңмаңдайлар ұялайды. Ұшып өту кезеңінде осында мыңдаған қоқиқаздар мен бірқазандар аялдайды. Төменгі ағыста балықтардың 47 түрі мекендейді, олардың бесеуі Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
Осыдан соң оқушылар киіз үйлерді аралап, алтыбақан тебісті, ұлттық ойындар ойнады. Қонақтар тарапынан А.Азаматов сөз алып, оқушыларды белсенділікке үндеді, ұйымдастырушылар мен қатысушыларға өз алғысын білдірді. №6 мектептің оқушысы Альфия Базарбаева мұндай саяхатқа алғаш шығып отырғанын, бекіре балығы мен қорғауға алынған құстарды көре отырып, ерекше әсерге бөленгенін, осы кезде туған жер топырағының ыстық көрінгенін айтады.
Экскурсияны қорытындылаған «Жас өрен» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қайырғали Азилов экологиялық саяхаттың өтуіне атсалысқан «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері мен оқушыларға ризашылығын білдіріп, Алғыс хаттар ұсынды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button