Атыраулықтар жағымсыз иіске шағымданды

3smart2 Экология

АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ АУАДАН ЖАҒЫМСЫЗ ИІС ШЫҒАТЫНЫНА ШАҒЫМДАНЫП ОТЫР. АЛ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ МАМАНДАРЫ МҰНЫҢ СЕБЕБІН АУА САПАСЫНЫҢ КҮРТ НАШАРЛАУЫМЕН, ЖЕЛ БАҒЫТЫНЫҢ ӨЗГЕРУІМЕН БАЙЛАНЫСТЫРАДЫ.

19 сәуірде Атырау қаласында орналасқан №10 ластануды бақылау бекеті (Нұрсая шағынауданы) және «НКОК» компаниясына тиесілі атмосфералық ауа сапасын бақылайтын №103 «Шағала», №109 «Восток», №110 «Привокзальный», №111 «Тұрғындар қалашығы», №112 «Әкімдік», №113 «Авангард» бекеттерінде күкіртті сутегі бойынша шекті жол берілген шоғыр қоспаны шегінен (ШЖШ) асыру фактілері байқалған. Максималды 5,5 ШЖШ фактілері анықталған.

– Жоғары ластану және экстремалды жоғары ластану жағдайлары тіркелмеді. Жол картасында бекітілген тапсырмаға сәйкес, «Тухлая балка» булану алаңдарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты, жоғарыда аталған жұмысты орындау кезінде жағымсыз иістер мезгіл-мезгіл пайда болады. Атмосфералық ауада зиянды заттардың рұқсат етілген шекті шоғырлану нормасынан асқан жағдайда келісілген алгоритмге сәйкес, бірлесіп жұмыс жасалады, – деді облыстық экология департаментінің өкілі Әйгерім Қадырова.

«Тухлая балка» булану алаңы Атырау қаласының оңтүстік-шығысында орналасқан. Желдің бағыты оңтүстікшығыс тұстан соғуынан жиі-жиі осындай жағымсыз иіс пайда болған көрінеді.

Алмас ҚАБДОЛОВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз