Жарнама
Экология

Судан шыққан ЖАҒЫМСЫЗ ИІС

Атыраудың тұрғындары краннан аққан судан дустінің иісі шығатынын айтып шағымданған болатын. Олардың баяндауынша, мұндай жағымсыз иістің шыққанына бір аптадан асқан.

Осы жағдайға байланысты кеше Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Су тазарту құрылғыларының бас технологы Жамиля Исағалиева түсінік берді. Оның пікірінше, жағымсыз иіс Жайық өзенінің ластануынан шығып отыр.

– Жайықтың құрамы күннен күнге өзгеруде. Соған байланысты арнайы құрылғылардың көмегімен суға сағат сайын сараптама жасап отырмыз. Жайық өзенінің 6-7 метр тереңдіктен алынған су сынамасынан 00,3 мг/л фенол органикалық қоспасы анықталды. Стансадағы тазарту процесі кезінде ол хлормен әрекеттесіп, ерекше иіс бөлгендігі белгілі болды, — деді Жамиля Орынбасарқызы.

Бас технолог сондай суды залалсыздандыру үшін технология бойынша хлорлы судың қосылатынын айтты.

Алмас БАУЫРЖАН

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button