Жарнама
Экология

Су мәселесі әлемді алаңдатып тұр

Су қауіпсіздігі барлық елдің ұлттық, аймақтық және жаһандық деңгейдегі ынтымақтастығын талап етеді.
Бұл мәселе Индонезия елінде өткен Х Дүниежүзілік су форумы, сондай-ақ, Азия парламенттерінің су ресурстары жөніндегі консультативтік кеңесінің VI отырысында талқыланды.

Осы басқосуға қатысқан Парламент Мәжілісінің депутаты Дүйсенбай Тұрғанов соңғы жылдардағы климаттық өзгерістерді ескере отырып, тақырып экономикалық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар, азаматтардың өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан да маңызды екендігін атап өтті.

– Көпке белгілі өткен жылы Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясында сөйлеген сөзінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2040 жылға қарай суға әлемдік сұраныс ұсыныстан 40 пайызға асуы мүмкін екенін айтқан болатын. Сондықтан, біздің еліміз су қауіпсіздігі мәселелерін шешу үшін бірқатар шараларды әзірлеуде. Шетелдік парламенттік әріптестерімді Индонезиядағы іс-шараларға қатысу аясында олардың негізгілері туралы хабардар еттім.
Қазақстан үшін су тапшылығы проблемасы ең жоғары басымдықтардың бірі болып табылады. Халық саны мен экономикалық өсу тенденциясын ескере отырып, 2040 жылға қарай еліміздегі су тапшылығы 12-15 миллиард текше метрге жетуі мүмкін. Қазақстан құрғақ климаттың ықпалына ұшырағанымен қатар, еліміздің су әлеуеті көршілес елдерден келетін су ағындарына 40 пайыз тәуелді. Біздегі 8 өзен бассейнінің 7-еуі трансшекаралық болып табылады. Біз көршілерімізбен (Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан, Өзбекстан, Ресей және Қытай) су ресурстарын қорғау және пайдалану тұрғысынан да, экожүйені сақтау тұрғысынан да өте тығыз жұмыс жасаудамыз. Барлық деңгейде жердің құнарлылығын арттыру, су үнемдеу технологияларын енгізу және сумен жабдықтау жүйесін цифрландыру бойынша шаралар әзірленуде, — деді Д.Тұрғанов.

Жаһандық бағыттардың қатарында қоршаған ортаның одан әрі нашарлауына және Арал маңындағы тіршілікке әсер етуіне жол бермеу жөніндегі жұмыс бар. Еліміз биылдан бастап Аралды құтқару халықаралық қорына төрағалығы аясында бұл жұмыстарды жалғастырады. Сондай-ақ, Каспий теңізінің экологиялық проблемаларын шешу бойынша жұмыс, оның ішінде, ұзақ мерзімді халықаралық ынтымақтастықты дамыту басты мәселе. 2026 жылы еліміз БҰҰ аясында тиісті нақты шешімдерді қабылдай отырып, су проблемасы бойынша өңірлік саммит өткізуді жоспарлап отырғандығы белгілі болды.

– Заңнамалық деңгейде де көп жұмыс атқарылуда. Су ресурстары және ирригация министрлігі Мәжілісте Қазақстанның су қауіпсіздігін қамтамасыз ету тетіктерін және экономиканың су секторын климаттың өзгеруіне бейімдеу шараларын айқындайтын жаңа Су кодексін ұсынды. Жалпы алғанда, еліміздің су әлеуетін сақтаудың, тасқын суларды пайдаланудың, су шаруашылығы саласына мамандар даярлаудың тиімді
қабылдауға ғылым мен ғылыми мекемелердің қатысуын күшейту қажет. Климаттың өзгеруіне жауап беру және су ресурстарын тиімді басқару ұлттық, аймақтық және жаһандық деңгейдегі барлық елдердің ынтымақтастығын талап ететіні сөзсіз, — деді Мәжіліс депутаты.

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button