Жарнама
Экология

ССЕP компаниясы мыңға жуық тал отырғызды

«Консолидейтед контрактинг Инжиниринг & Прокьюрмент С.А.Л.- Офшор» (ССЕP)   компаниясының еріктілер тобы көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.

21 адамнан құралған топ Атырау қаласына қарасты Қайыршақты селолық округіндегі Жұлдыз мөлтекауданындағы №39 мектеп пен Бесікті селосындағы Бестікті орта мектебінің ауласына барлығы 100 түп ағаш көшеттерін отырғызды. Екі-үш жылдық көшеттердің ішінде пирамидальді терек, шағанды үйеңкі, жасыл шаған және қарағаш түрлері бар. 

Сонымен қатар, ССЕР компаниясының Атырау қаласындағы өндірістік базасына – 100 түп, Теңіз кен орнындағы «Теңіз» және «Абай» вахталық қалашықтарына — 500 түп ағаш егілді.  Тиісінше, көшеттерге су құйылып, минералды тыңайтқыштар салынды.

img 20220416 wa0031

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қоғамды қоршаған ортаны қорғауға баулып, жастардың экологиялық білімі мен тәрбиесін арттыруда мұндай шаралардың маңызы зор.

  • — Компания еріктілері көгалдандыру жұмыстарына өз еріктерімен қатысуда. Оларды күштеп, болмаса, үгіттеп жатқан ешкім жоқ. Былай қарағанда, көшет отырғызу екі-үш сағаттық жұмыс. Ал, негізгі жұмыс — оны алдағы уақытта күтіп-баптау, су құйып отыру. Мектеп ұжымы бұған зор жауапкершілікпен қарайды деген үміттеміз. Яғни, «аманатқа қиянат жасама» дегендей, егілген талдардың болашақта жайқалған жасыл баққа айналуы енді мектеп оқушылары мен ұстаздарына байланысты. Бұл ретте, жергілікті климаттың қолайсыздығн да ескерген жөн. Демек, өзге өңірлермен салыстырғанда, біздегі жасыл желекке екі есе артық күтім керек деген сөз. Мұның бәрі де ел болашағы үшін қажет. Біз өзімізден кейінгі ұрпаққа табиғатты таза күйінде аманаттап қалдыруымыз қажет қой, — дейді Орақ Бисембиев.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button