Серік Шәпкенов Атырау облысының экологиясы туралы айтты (+ВИДЕО)
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов аймақтағы экологиялық мәселелерге қатысты пікір білдірді.
Бұл туралы облыс басшысы «Атамекен» телеарнасына берген сұхбатында айтты.
«Аймақ экологиясына қатысты 4 басты мәселе бар. Оның біріншісі – таза ауа. Мұнай өңдеу зауыты өзінің тиісті сүзгілерін орнатып, сарқынды су алаңдарын тазартып, тиісті құрылғыларын орнатуы қажет.
Екінші мәселе – тұрмыстық қалдықтар. Бұл қаламызда ғана емес, аудандарда да өзекті.
Үшіншісі– Жайық, Қиғаш өзендерінің қазірі жағдайы. Облысымыз су қорына өте тәуелді. Бұл өзендердің жағдайын реттеуге облыс басшылығының қауқары жетпеуі мүмкін. Дегенмен, үкіметпен бірлесе отырып, Ресей елімен болатын үкіметаралық жиындарда шешілуіне атсалысатын боламыз» деді облыс әкімі Серік Шапкенов.