Қызылқоғада жағдай тұрақты
Қызылқоға ауданы бойынша ақпарат
(15.04.2022 жылғы сағат 19:00-дегі жағдай бойынша)
Бүгінгі күні жол төсемін ашқаннан кейін автожолдың батыс бөлігіндегі су деңгейі 2 метрге төмендеді және Тайсойған ауылдық округінің «Жарыпшыққан» өзеніне өз арнасында құяды.
Жол төсемін ашқаннан кейін Индер ауданымен байланысы бар 6 ауыл/округ қалды, яғни тіршілік жағдайы бұзылмаған, азық-түлік жеткізу, медициналық көмекке жүгіну көрші ауданға мүмкін.
Аудан орталығына жету үшін жергілікті тұрғындарды тасымалдайтын (қазіргі уақытта 98 адам, оның ішінде 5 бала және 2 сәби) аспалы моторы бар 1 бірлік резеңке қайық қойылды. Сонымен қатар, аудандық полиция бөлімінің күшімен қоғамдық тәртіпті сақтау ұйымдастырылды.
Сағат 14.24-те Атырау облысы ТЖД қызметкерлері Қызылқоға ауданы Миялы ауылынан Атырау қаласына шықты (5 қызметкер және 3 бірлік техника). Миялы ауылындағы кезекшілікте ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары (3 қызметкер, УАЗ-1, үрлемелі қайық-1) қалды.
Қазіргі уақытта Миялы селосын су басу қаупі жоқ. Жағдай бақылауда тұр.
Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы