Жарнама
Экология

Қызылқоғада барлығы 3 мың ағаш егілмек (+ФОТО)

    Облыс орталығынан шалғайда орналасқан Қызылқоға ауданының тұрғындары да сенбілікті зор серпіліспен, асқан белсенділікпен өткізді.

Өңірдегі 10 ауылдық округте атқарылатын шаралар алдын ала жоспарланып, жауапты тұлғалар бекітілді.

    Салалық бөлім мамандарының мәліметінше, сенбілікке барлығы 721 адам, 16 арнаулы техника тартылған. 52 тонна қоқыс жинақталып шығарылып, көктемгі маусымда егілуге тиісті 3 000 түп шамасындағы көшеттің бір бөлегі отырғызылған. Одан бөлек, елді мекендердің тасқын басу қаупі бар тұстарындағы қорғаныс бекеттерін бекіту, шашылып қалған мал өлекселерін жинақтау, елді мекендерді бұзылып, иесіз тұрған нысандардан тазарту, өзен-көлдердің жағалауларын ретке келтіру жұмыстары жүргізілген.

Дәулетқали АРУЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button