
Құлсары қаласында «Таза Бейсенбі» экологиялық акциясы өтті
Бүгін «AMANAT» партиясы Жылыой аудандық филиалының ұйымдастыруымен Жылыой ауданы, Құлсары қаласында «Таза Бейсенбі» акциясы өтті.
Акция аясында партияның белсенді мүшелері қала маңындағы Қамыскөл жағалауында тазалық жұмыстарын жүргізіп, көшелер мен қоғамдық орындарды тұрмыстық қалдықтан тазартуға белсене атсалысты.

— Қазақтың «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген аталы сөзі аталмыш акциямен үндесіп жатқандай. Бұл бейсенбілікке тек бір реттік шара ретінде емес, өмір салтымызға айналдыруымыз қажет. Туған жерді аялап, күтіп ұстау – әр азаматтың борышы, — деді Құлсары аумақтық бастауыш партия ұйымының төрағасы Айдана Тайранова.
Экологиялық акцияның басты мақсаты — қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру болып табылады.