Қиғаш өзенінің сағасында лотос гүлдеді (+ВИДЕО)

220730135516016e Экология

Атырау облысында Қиғаш өзенінің сағасында қызғылт түсті лотос гүлі гүлдеді.

Қиғаш өзені Атырау облысының Құрманғазы ауданы мен Ресейдің Астрахан өңірінің шекарасында ағып жатыр. Өзен сағасында лотос гүлдейтін аумақ бар. Қиғаш өзеніне «Ақтөбе – Атырау – Ресей шекарасы» бағытындағы жолмен ғана жетуге болады. Арақашықтық – 300 шақырымға жуық.

«Өзен сағасындағы лотос өскен алқапқа қайықсыз жету мүмкін емес. Гүлдің хош иісі мұрныңды жарады. Су бетінде гүлдеп тұрған лотостың әдемілігін тек көзбен көру керек», – дейді сирек кездесетін гүл алқабына барған Самат Аманәліұлы.

Қиғаш өзенінің сағасында ғана гүлдейтін лотостың түсі – қызғылт, биіктігі 150 сантиметрге дейін жетеді. Қазір 5 мың гектарға жуық аумақта жайқалып гүлдеп тұр. Су ортасында өсетін лотос таңертең қауызын ашып, кешке қайта жабады. Таңертең су бетінде қауызын ашқанда құрғақ болып тұрады. Бұл гүлді үндістер мен вьетнамдықтар тазалықтың символы ретінде бағалайды. Тіпті оның емдік қасиеті бар депесептеледі. Тұқымындағы ақуыз бүйрек пен көкбауыр, жүрек ауруы мен ұйқысыздықты емдеуге қолданылады. Алайда, лотос гүлін жұлуға болмайды. Себебі ол еліміздегі сирек кездесетін өсімдіктердің тізіміне енгізілген.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз