
Қазақстанда экологиялық рұқсат беру ережесі өзгерді
Экология және табиғи ресурстар министрі жуырда экологиялық рұқсаттарды беру, қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны ұсыну қағидаларына, сондай-ақ әсер етуге экологиялық рұқсат бланкілерінің нысандарына өзгерістер енгізді, — деп хабарлайды Zakon.kz.
Ережеде II санаттағы объектілер үшін әсер етуге экологиялық рұқсатты қайта ресімдеу атауы өзгерген, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген, II санаттағы объектілер үшін әсер етуге экологиялық рұқсат берілген объектінің операторы қайта ұйымдастырылған немесе ауысқан жағдайларда жүзеге асырылатыны нақтыланады.
II санаттағы объектілер үшін әсер етуге экологиялық рұқсатты қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті алушылар портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге тізбе бойынша құжаттарды қоса бере отырып, II санаттағы әсер етуге экологиялық рұқсатты қайта ресімдеуге өтініш береді.
Сондай-ақ түзетулермен әсер етуге экологиялық рұқсаттың қолданылу кезеңінде оператор жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың бірінші күніне дейін осындай рұқсатты белгіленген нысан бойынша берген мемлекеттік органға қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы есеп беретіні көзделген.