Қамыстың жануына не себеп?

1596689379 5bf1d631 da3a 4db7 a5ce 573992b1a121 Экология

Атырау облысы мен Ресей Федерациясы шекарасындағы қамыстың жануына қатысты Атырау облысы төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеме жасады, деп хабарлайды atr.kz

Департаменттің мәлімдеуінше, биылғы жылдың 12 қазан сағат 09.00-дегі жағдай бойынша жақын маңдағы елді-мекендерге қауіп жоқ, аумақта ашық отпен жанып жатқан жерлер анықталған жоқ.

Нақтыланған деректер бойынша ауданы 30 га болатын жердегі қамыстардың жануы сөндірілді: жұмылдырылған жеке құрам күшімен 20 га жойылды, 10 га өздігінен жойылды. Өрттің жалпы ауданы 550 га жерді құрады, оның ішінде 450 га сөндірілді.

Өртті жоюға Атырау облысы ТЖД жеке құрамының 34 адамы, 5 бірлік техникасы, 4 мотопомпа, 1 генератор, 40 жеңдер, 1 үрлемелі шатыры, сондай-ақ Атырау аграрлық-техникалық колледжінің 1 адамы және 1 бірлік техникасы John Deere-6135b тракторы жұмылдырылды. Сөндіру жұмыстары жалғасуда.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылғы 5 қазанда Каспий теңізінің жағалауындағы батпақты жерде  Құрманғазы ауданының  Құрманғазы ауылынан 60 шақырым жерде қамыс жануы орын алуда.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз