Атырауға шетелден ПТР анықтамасы жоқ 37 қазақстандық ұшып келді

121581304 1071475249953807 7673250099387444079 n 1 COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/26 қазан, 2020 жыл. Атырау облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметінше, Атырауға 20 – 25 қазан аралығында шетелден Стамбул-Атырау, Ташкент-Атырау, Амстердам-Атырау бағытында 4 әуе рейсі ұшып келді.

Халықаралық әуе рейспен барлығы 456 адам жеткізілді.

Әуе рейсімен келген жолаушылардың арасында шетелдіктер жоқ, барлығы – қазақстандықтар. Олардың 37-інде COVID-19 -ға ПТР-тест қорытындысы болмағандықтан, карантиндік стационарларға жатқызылған.

Жолаушылардан коронавирус жұқпасына сынама алынды, қорытындысы теріс мәнді көрсетті. Ешқайсысынан қауіпті инфекция анықталмағандықтан үйлеріне жіберілді.

«Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз