Жарнама
Экология

Қамыс – игерілмей жатқан байлық

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов қамысты тиімді пайдалану мәселесіне қатысты пікір білдіріп, бұл бағытта жұмыс істеуге дайын кәсіпкерлер болса, қолдауға дайын екендігін айтты.

– Қамыс – табиғи әрі экологиялық таза шикізат. Облыс аумағында, әсіресе Құрманғазы ауданында оның қоры жеткілікті. Бұған дейін қытайлық инвесторлар қағаз шығару зауытын салуға қызығушылық танытқан. Алайда мұндай өндіріс түрі су мен энергияны көп қажет ететіндіктен, жоба жүзеге аспады. Сондай-ақ отандық кәсіпкерлер отынға арналған түйіршік (пеллет), целлюлоза және мал азығын өндіру бағытында жобалар ұсынған болатын. Өкінішке қарай, бұл бастамалар да жалғасын таппады, — деді облыс басшысы.

Аймақ басшысының айтуынша, қамысты кәдеге жарату бағытында нақты жобалар ұсынылса, жергілікті билік тарапынан қолдау көрсетуге дайын. Бұл – облыс үшін жаңа жұмыс орындарын ашуға, ауыл шаруашылығы мен өңдеу өнеркәсібін дамытуға мүмкіндік беретін тиімді бағыттардың бірі.

Қазіргі таңда қамысты тұрмыстық отынға, құрылыс материалдарына, мал азығына, тіпті биологиялық тыңайтқыштарға айналдыру технологиялары кеңінен қолданылып жүр. Егер бұл салаға отандық кәсіпкерлер бет бұрып, нақты жобаларымен шықса, өңір экономикасына жаңа серпін беруі әбден мүмкін.

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button