Жарнама
Экология

Қала әкімі жасыл желектерді қорғауға шақырды

Атыраулық жеке кәсіпкердің демеушілігімен 2021 жылы Атырау қаласындағы Жеңіс саябағы аумағында 1000 түп алма ағашы отырғызылды. 

Содан бері алма бақты күтіп ұстауды қалалық әкімдіктің ТҮКШ және ТҮИ бөлімінің көгалдандыру қызметтеріне жауапты КДМС мекемесі өз мойнына алып, барлық қажетті агротехникалық жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп келеді. Қазіргі таңда барлық ағаштар сау, жақсы жағдайда. Соңғы үш жыл ішінде алма ағаштары жеміс беріп келеді.

Алайда соңғы уақытта кейбір тұрғындар тарапынан ағаштарды сындыру және жасыл желекке зиян келтіру деректері жиілеген. Осыған байланысты бақ аумағындағы бақылау шаралары күшейтіліп, жасыл желекке зиян келтіргендерге қатысты құқық бұзушылықтар бойынша полиция қызметкерлерімен бірлесіп тиісті шаралар қолданылатын болады. Алма бағы 24 сағат бойы КДМС мекемесі және полиция қызметкерлерімен толық бақылауда болады.

Ақпарат үшін: КДМС мекемесі Атырау қаласы мен маңындағы аумақтарда 27 000-нан астам ағаш отырғызып, 95 000-ға жуық ағашқа тұрақты күтім көрсетіп келеді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button