Жарнама
Экология

Президент Жайыққа қатысты мәлімедеме жасады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ашхабадта өтіп жатқан VI Каспий саммитінде сөйлеген сөзінде Каспий экожүйесін сақтау ынтымақтастығымыздың негізгі бағыттарының бірі болып қала беретінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Каспий жағалауының миллиондаған тұрғындарының экономикалық дамуы мен әл-ауқаты трансшекаралық су қоймасының табиғи ортасын сақтау міндетімен тығыз байланысты. Жер қойнауын белсенді пайдалану және ресурстарды тасымалдау аймақтың экологиясы үшін үлкен қауіп төндіреді.Қасым-Жомарт Тоқаев

Сонымен қатар мемлекет басшысы атап өткеніндей, «жаһандық жылыну сын-қатерлері мен соған байланысты климаттың өзгеруі су ресурстарына қауіп төндіреді».

 Енді Жайықты аман алып қалу үшін үйлестірілген, пәрменді шаралар қабылдауға міндеттіміз. Әйтпесе жақын арада құтқаратын ештеңе қалмайды. Біз барлық тараптан күш біріктіріп, Жайық өзенінің жағдайын жақсарту бойынша ортақ іс-қимыл жоспарын әзірлеуге шақырамыз. Біздің ортақ теңіздің экологиялық проблемалары туралы айта отырып, мен Каспий итбалықтарының ауыр жағдайын айтпай кете алмаймын. Олардың мерзімді өлім фактілері қатты алаңдаушылық тудырады. Каспий итбалығы – эндемик түрге жатады және Каспий теңізінің фаунасындағы сүтқоректілердің жалғыз өкілі. Ол бүкіл су айдынында қоныс аударады және трансшекаралық биоресурс болып саналады, деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар президент саммитке қатысушылардың назарын «Каспий теңізіндегі биологиялық ресурстарды заңсыз аулауға қарсы күрестің маңызына» аударды.

Өкінішке қарай, биоресурстарды заңсыз өндіру, балық өнімдерін тасымалдау, бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз сатып алу немесе сату фактілері әлі де бар. Осындай құқықбұзушылықтардың алдын алу және оған қарсы тұру үшін біздің мамандар хаттама жобасын әзірлеп жатыр.Қасым-Жомарт Тоқаев

Еске сала кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президентінің шақыруымен Каспий маңы мемлекеттері басшыларының алтыншы саммитіне қатысу үшін жұмыс сапарымен Ашхабадқа барды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button