Экология
Партия белсенділері Жайық жағалауын қоқыстан тазартты
Ерболат Дәулетқазиев төрағалық ететін Қазақстан Халық партиясы Атырау облыстық филиалының ұжымы да дәстүрден танбай тазалық жұмыстарына жұмылды.
Филиал төрағасының орынбасары Асхат Жұмағалиевтың айтуынша, Қазақстан Халық партиясы Атырау облыстық филиалының белсенділері тазалық жұмыстарын жиі жүргізіп отырады. Облыс орталығындағы маңызды орындар мен орталық көшелерге апта сайын міндетті түрде сенбілік ұйымдастырылып отырады екен. Бұл жолы да партия өкілдері, әсіресе, жастар жағы Жайық жағалауын қоқыстан тазартып, жаңа көшеттер отырғызды.
Амандық АБДОЛ