Жарнама
Экология

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚАЛАЙ ҚОРҒАЙМЫЗ?

НКОК компаниясының Сыртқы қатынастар жөніндегі директоры Пьер Дельтон «Біз тұрғындар денсаулығының қауіпсіздігін және Каспий теңізінің бірегей био алуан түрлілігін сақтауға тырысып бағамыз. Ол арнайы жоба-жоспарларымызда қаралған»,-деген ол алдағы уақытта бұл бағытта мемлекеттік органдармен жұмысты жалғастыратынын атап айтты.
Тыңдауға қатысқан аймақ басшысы Бақтықожа Ізмұхамбетов жоба басталғалы бері қалың бұқара тарапынан сауалдар көбейгенін жақсы түсінетінін жеткізді.
— Тұрғылықты мекені осы облыс болғандықтан жергілікті халықтың қоршаған ортаға алаңдауы орынды. Жұртшылықтың сұрағына компания мамандары тиісті жауабын бергенмен, бәрібір мәселе ашық күйінде қалады. Себебі, техногендік болсын, табиғи болсын апат бола қалған жағдайда бәріне 100 пайыз кепілдік бере алмаймыз. Бірақ, қоғамдық тыңдау алдында компанияның жасап жатқан жұмыстары жөнінде жасаған материалымен толық танысып шықтым. Онда сумен қамту, көгалдандыру секілді маңызды жайттар қамтылған. Қайткенде де, бұл жоба басталмас бұрын оған бұрғылау, игеруде тәжірибесі бар озық компаниялар таңдалып алынды. Осы салада бірнеше жыл еңбек еткен маман ретінде айтарым, министрлікте жүргенде де қоғамдық тыңдауларға қатыстым. Онда айтылғандардың бәрі тап бүгін жасалмағанмен, компания болашақтағы жоспарында мұны ескеретін болады. Өйткені, оларға да қойылар талап қатаң,-деді өз сөзінде облыс әкімі.
Екі сағатқа созылып, бірнеше келелі мәселелер талқыға түскен қоғамдық тыңдау жайлы толық материалды газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар.

Айбөпе САБЫРОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button