«Қаңтарда балық болған жоқ» дейді атыраулық балықшылар (+ФОТО)

IMG 1716 Экология

Әсіресе, жексенбіде ақ Жайық ерекше күйге енеді. Себебі, күннің райы қандай болып тұрса да, жағалаумен алаңсыз серуендеген нөпірді көресіз. Әсіресе, мұз үстінде асыр салып ойнаған балалардың тәтті күлкісі жаныңа жылулық сыйлайды.

Мұз бетінде сейіл құрғандардың бірі менмін. Өз ойыммен өзім арпалысып келе жатқан мені балықшылардың тірлігі еріксіз тоқтатты.

IMG 1715
Ақ Жайық үстіндегі көрініс

Ақ Жайықтың балығы қырылып, елді елеңдеткен оқиғаның  орын алғанына да көп уақыт өте қойған жоқ. Содан кейінгі жағдайды бір білсе, осы балықшылар білер деген оймен  жандарына жақындадым. Әп дегеннен жылы қабақ танытқандар табыла қоймады. Десе де…

«Жыл басынан бері  мұзға алғаш шығуым. Қазір балық азайды. Балық аулау күнкөріс қамы емес. Бала кезден бергі хоббиім. Кезінде сазан, мөңке қармағымызға ілініп тұратын. Қазір мұндай олжа некен-саяқ кезігеді» дейді өзін  Нұрлан Төлеуов деп таныстырған атыраулық жігіт ағасы.

IMG 1716

         Бала кезін Жайықпен байланыстырған Валерийдің жанынан бес-алты балықтың тықыршып жатқанын байқадым.

         «Балық аулау менің бала күннен бергі кәсібім. Өзімнің балық аулауға қажетті құрал-жабдықтар сататын дүкенім де бар. Қаңтар айында мүлдем балық болмады. Қазір шүкір қармағымызға бір-екі балық ілінеді. Бірақ, жағдай бұрынғыдай емес» дейді Валерий Гериханов.

         Осылай әңгіме-дүкен құрып тұрғанымызда жанымыздағы балықшылар құралдарын жинай бастады. Толғанынан гөрі, бос шелектер көбірек… Әнекей, көз ұшында тағы бір балықшылар кетіп барады…

IMG 1711

Фархад КАРАПИДЕНОВ. Фото автордікі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз