Экология

Өңір экологиялық апат аймағы деп жариялануы мүмкін

Экологиялық порталда Маңғыстау облысы Бейнеу ауданын экологиялық апат аймағы деп жариялау мақсатында зерделеу жұмыстары үшін қоғамдық тыңдау ашылды.

Ашық дереккөздердегі мәлімет бойынша, қоғамдық тыңдау тұрғындардың өтініші негізінде қаралады. Порталда өтініш беру үлгісі бейнежазбада көрсетілген.

-Осыған дейін сенатор Бекбол Орынбасаров Бейнеу ауданын экологиялық апат аймағы деп тануды ұсынған болатын. Сенатордың айтуынша, халық денсаулығының нашарлауы, топырақтың тұздануы мен шаңды дауыл Арал теңізінің құрғауы салдарынан туындаған, – делінген mangystaumedia.kz таратқан мәліметте.

Айта кету керек, республиканың кейбір бөліктері ядролық қару және басқа апатты климаттық ықпалдарды қолданудың салдарынан радиациялық немесе экологиялық апат аймақтары болып танылған. Осы өңірлерде тұратын азаматтарға заңнамамен әлеуметтік және медициналық салаларда әртүрлі қолдау көзделген.

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button