Жарнама
Экология

Мұнайлы астанада сейсмокарта жасалынбақ

Атырау облысында жер сілкіну қаупі болмаса да сейсмокарта жасау қолға алынбақ. Өңірде мұнай қарқынды түрде өндірілгендіктен, билік өкілдері осындай шешімге келіп отыр.

Облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің айтуынша, облыс әкімдігі тарапынан мұнайлы өңірдің сейсмокартасын жасау үшін сейсмология институтына өтініш берілді.  

«Иә, біздің өңір сейсмикалық қауіпті аумаққа жатпайды. Дегенмен де біз бәріне дайын болуымыз қажет. Өйткен Атырау облысында мұнай өндірумен айналысады. Бұл белгілі бір дәрежеде сейсмологиялық қауіп тудыруы мүмкін. Сейсмокарта облыстың қауіпті деген аумақтарын анықтап беруе көмектеседі. Жер сілкіне қалса, эвакуациялық пункттер дайын болуы тиіс және олардың қайда орналасқаны халық білуі керек. Бұл үшін Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі өз жобаларын жасауда», — деді Жасұлан Бисембиев.

Айта кетейік, былтыр ақпанда Атырау және Маңғыстау облыстарының шекарасында амплитудасы 4,9 балл болатын жер сілкінісі тіркелді. Бұл — кен орындарын үздіксіз игеруден туындаған техногендік сипат болды.

Эльмира Мықтыбаева

Сурет: Freepik.com

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button