Жарнама
ЭкологияФОТОГАЛЕРЕЯ

МАХАМБЕТТІКТЕР БІР КҮНДЕ МЫҢ ТАЛ ЕКТІ (+фото)

          Ерікті еңбек мерекесінде махамбеттіктер де белсенділік танытты.

Сенбілікке қатысушылардың бір бөлегі тазалық жұмыстарымен айналысса, қалғандары көгалдандыру шараларымен шұғылданды. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Нұрлан Сапаровтың айтуынша, сенбілікке шыққандар негізінен аудан орталығы мен ауылдық округтердегі бюджеттік мекеме қызметкерлері.

Осылайша, бұл күні барлығы 600-ге жуық адам өздеріне бөлінген учаскелер қоқыс-қалдықтардан арылтып, жас ағаш көшеттерін отырғызды. Тасымалдауға оншақты бірлік техника-көлік жұмылдырылып, көлемі 5 тоннаны құрайтын қалдық шығарылды. Атап айтарлық жайт, әу бастан жанға сая болар жасыл-желектің қадірін түсіріп, оны өсірудің мәнісін білетін махамбеттіктер бір күнде 1 000 тал екті. Негізгі күш аудан орталығына тартылғанымен, округтерде ауқымды жұмыстар атқарылды.

Дәулетқали АРУЕВ

img 20220416 wa0140
img 20220416 wa0139
img 20220416 wa0144
img 20220416 wa0137
img 20220416 wa0142
img 20220416 wa0147
img 20220416 wa0165
img 20220416 wa0153
img 20220416 wa0160
img 20220416 wa0166

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button