Жарнама
Экология

Кейбір аймақтарда ауа сапасы нашарлайды

Бүгін еліміздің Ақтөбе, Орал, Алматы, түнде Астана және Атырау қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды. Ал басқа өңірлерде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады.

«Қазгидромет» РМК таратқан мәлімдемеге сүйенсек, қолайсыз метеорологиялық жағдай дегеніміз – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Синоптиктердің сөзінше, осындай жағдайларда елді мекендердегі атмосфералық ауа сапасының нашарлауы мүмкін деген болжам бар.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button