Жарнама
Экология

Индерліктер экологиялық акцияға белсене қатысты

Бүгін Индер ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында аудандық ішкі саясат бөлімі және аудандық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған акцияға қатысушылардың қатары өте көп болды.

Туған жердің тазалығына мән бере білген тұрғындар белсенділік танытты десе болатындай. Шараны аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры Темірлан Бертілеуов сөз сөйлеп ашып, қатысушыларды еліміздің бас қаласы Астана күні мерекесімен құттықтап, өлкеміздің өзекті мәселесіне айналған тазалық жұмысына бір кісідей атсалысуға келген жерлестерге ризашылығын білдірді. Сондай-ақ акцияның мақсат-міндеттерімен таныстырды.

«Шығыс» шағынауданының аумағында өткен акцияға аудандық мәслихат депутаттары, бірнеше мекеме қызметкерлері, «Жасыл ел» жасағының сарбаздары, қоғамдық ұйымның мүшелері және 250-ге жуық тұрғынмен қатар «Жасыл ел» сарбаздарынан құралған командалармен бірге 7 арнайы техника тартылды. Барлығы 16 тонна қоқыс қалдығы шығарылды.

Мұндай акциялар алдағы уақытта да тұрақты түрде ұйымдастырылатын болады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button