Жарнама
Экология

Елордадан жеткен Алғыс хат

Бесінші маусым Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнінде бір топ бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкері марапатталды. Республика Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Алғыс хатын министрлікке қарасты қоғамдық кеңес мүшесі Қадыржан Арыстан табыстады.

Елордадан жеткен марапатқа ие болған әріптестеріміздің қатарында облыстық «Атырау» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Назарбек Қосшиев, облыстық «Прикаспийская коммуна» қоғамдық-саяси газетінің арнаулы тілшісі Тимур Қазиев, «Atyraý» телеарнасының тілшісі Нұржол Жақсылық бар.
Мерейі асқан әріптестеріміз БАҚ бетінде экологиялық тақырыптарға жиі қалам тербеп, өңірдегі қордаланған, күрмеулі мәселелердің жарыққа шығуына ұйытқы болып жүр.

– Аймақтағы экологиялық мәселелер жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында айрықша көрсетіліп келеді. Соның ішінде облыстық «Атырау» қоғамдық-саяси газеті қолға алған «Ойыл-Қиыл-Жем-Сағыз» жобасының өзі үлкен бастама болғанын атап айту керек. Өңірде әлі де болса шешімін күткен экологиялық мәселелер көп. Қазір осы бағытта көптеген келелі шаралар қабылданып жатыр. Келешекте Атырау облысында проблемалар азайып, жағдай бірқалыпқа түседі деп есептеймін, — деп сөзін түйіндеді Қ.Арыстан.

Алмас ҚАБДОЛОВ
Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button