Жарнама
Экология

ECOFEST: Экологияға қамқорлық бүгіннен басталады

5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Атырау қаласында тұрғындар арасында эко-талқы өтті.
Іс-шараны “Shyraq” мектеп президенттері қауымдастығы мен “Жаңа жастар” волонтерлік ұйымы бірлесіп ұйымдастырды. Конференцияның спикері – “JerEcoHub” жобасының жетекшісі Әсел Ғұмарова.

00205819 8630 40cf baad 537449536dd3

Еркін форматта өткен кездесуде қатысушыларға экомәдениет ұғымы кеңінен түсіндіріліп, нақты тәжірибелер мен шабытты баяндамалар ұсынылды. Мәселен, аталмыш жоба Атыраудағы су тасқыны кезінде шабақтарды құтқарып, оларды таза өзендерге көшіру арқылы көпшіліктің назарын аударған. Осы оқиғадан кейін экомәдениетті дамыту мен экоеріктілер санын арттыру қажеттілігі айқын байқалған.

Конференция барысында қатысушылар өздерінің экологияға қосқан үлестерімен бөлісті. Бірі суды үнемдеуді басты мақсат етсе, енді бірі электр энергиясын тиімді пайдалану идеясын дәріптеді. Тіпті калифорниялық сортты құрттар өсірілетін тәлімбақ құруды ұсынғандар да болды. «Жасыл дәліз» жобасын жүзеге асырғысы келетіндер де табылды. Қарастырылған әрбір идеяның түп негізі — табиғат ананы аялау мен сақтау болды.

00977cce 4e44 481a 9132 ac6ca0b35e4c

Үздік идеялар мен жауаптар үшін қатысушыларға эко-сыйлықтар табысталды.

– Бұған дейін біз табиғатқа жанашырлықты арттыру мақсатында хакатонға тіркеу жүргіздік. Мұнша адам қатысады деп күтпеген едік. Алайда 102 адам өтінім беріп, 24 команда құрылды. Қатысушылардың басым бөлігі — жастар. Олар түнгі он екіге дейін түрлі экожобалар әзірледі. Осылайша біз экомәдениетті білетін және қолдайтындардың негізінен жастар екенін түсіндік. Алдағы уақытта еріктілерді экосалада дайындау үшін жоба менеджменті, қаржылық сауаттылық, ораторлық өнер, SMM және басқа да бағыттарда оқытуды жоспарлап отырмыз. Жақсы идеяларға қолдау көрсетуге әрқашан дайынбыз, – дейді экомәдениетті қалыптастырушы Әсел Көбейсінқызы.

Қазір Атырауда жасыл өмірді насихаттаушы еріктілер тасталған техникалардың чиптері топыраққа зиян келтіретінін ескеріп, қоқыстан пайдалы құрылғылар жасауда.
Табиғат сақшылары қоқыс пен қалдыққа екінші өмір сыйлау арқылы «обал мен сауап» ұғымын насихаттауды көздейді. «Нан – қоқыс емес» деген ұранмен олар адамдарды құрғақ нан мен жарма өнімдерін арнайы контейнерлерге салып, үй жануарларына немесе құстарға арналған азық ретінде пайдалануға шақыруда.

Нұрлыгүл ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button