![Бүгін Атырауда ауа сапасы нашарлайды 1 f19bcbd4539648bfac6d4ac8ed06e25c 1280x720](https://atr.kz/wp-content/uploads/2024/08/f19bcbd4539648bfac6d4ac8ed06e25c_1280x720-780x470.jpg)
Экология
Бүгін Атырауда ауа сапасы нашарлайды
«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады.
16 тамыз, жұма күні Алматы, түнде Атырау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі.
«ҚазАқпараттың» хабарлауынша, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.