Жарнама
Экология

«Береги» жобасы – экологияға жанашырлықтың жарқын үлгісі

«Береги» экологиялық жобасы Атырауда сәтті жүзеге асырылып жатыр. Қаланың еріктілері, белсенділері және экологтар бірлесіп, Жайық өзенінің жағалауын нығайтуға және жасыл желектерді көбейтуге атсалысуда.

Жоба барысында 1000-нан астам «Каспий талы» көшеті отырғызылып, өзеннің 1,5 шақырым жағалауы бекітілді. 5000 шаршы метр аумақ жасыл аймақ ретінде дайындалды. Сондай-ақ жоба аясында экологиялық семинарлар мен шеберлік сабақтары өткізілді.

Алдағы уақытта жоба жаңа кезеңге өтпек. «Ecologica» қоры Жайықтың экожүйесін сақтау және жаңа көгалдандыру бастамаларын іске асыру мақсатында жұмысын жалғастырады.

Аталған жоба «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» ұйымдастыруымен және «Шелл Қазақстан» компаниясының қаржыландыруымен өткізілген «EcoBatys 2.0» байқауы аясында жеңімпаздардың бірі атанғанын еске сала кетейік.

Жобаның әрі қарайғы тағдыры мен басқа да экологиялық бастамалар жайлы толығырақ білу үшін облыстық «Атырау» қоғамдық-саяси газетінің Telegram және YouTube арналарын қадағалауды ұсынамыз.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button