Экология
Балабақшадағы тазалық акциясы
Еркінқала-2 ауылындағы биыл пайдалануға берілген «Еркемай» балабақшасының ұжымы әр апта сайын сенбілік акциясын ұйымдастыруды жолға қойған. Балабақша меңгерушісі Шынар Жақсылықова қаңтар айында балақайларға есігін айқара ашқан мекемеде 30-дан астам қызметкер еңбек ететінін айтады.
– Оның ішінде мамандар, психологтар, тәрбиеші, тәрбиеші көмекшісі, аспазшы, техникалық балаларға қызмет көрсетеді. Балабақшаға келгелі тал егіп, гүл отырғызып қойдық, — деді Ш.Қуанышқызы.
Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ