Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, жел соғады
Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың солтүстік-батысындағы кей жерлерде қар жауады. Ал оңтүстікте және оңтүстік-батысында аздаған жауын-шашын болады. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.
Қазақстанның басқа аймақтарында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман түседі.
Республиканың солтүстік-батысында жаяу бұрқасын болады.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің күші 18-23 м/с сақталады, түнде тұман түседі.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күшейеді, Маңғыстау облысында тұман түседі, күндіз көктайғақ болады.
Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, тұман түседі.
Ақмола, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, түнде Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады.
Шаһсұлтан БАҺАДҮР