Жарнама
Экология

Атыраулық тұрғын көлігімен мұзға ойылып, көз жұмды

Атырау қаласының әкімдігі мұз үстіндегі қауіпсіздік ержелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

Бүгін, 28 қаңтар күні сағат 13:08 шамасында Атырау қаласы, Курилкино ауылы тұсында «Жайық» өзенінде мұз ойылып, автокөліктің суға түсіп кету оқиғасы тіркелді. Аталған жерге су құтқару жасағынан 4 құтқарушы, 1 бірлік техникасы жұмылдырылды. Оқиға орнында 1992 жылы туған жүргізуші көз жұмып, 2006 жылы туған жолаушы облыстық ауруханаға жіберілді.

«Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Сіздерден мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, арнайы белгі қойылған, рұқсат етілмеген жерлерден өтпеу қажеттігін ескертеді» делінген әкімдік хабарламасында.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button