Жарнама
Экология

Атыраудағы алып қортпа Каспийге жіберілді

Атырауда 35 келі уылдырық алынған алып қортпа Каспий теңізіне жіберілді.

Балық шаруашылығы комитетінің ресми өкілі Аслан Жеңісұлының айтуынша, «Амангелді атындағы» ЖШС балықшылар аулаған бекіре тұқымдас қортпаны Каспий теңізіне жіберуге шешім қабылданған. Қортпаның салмағы – 197 келі, ұзындығы – 2 метр 47 см. «Жайық-Атырау» бекіре шабағын өсіру зауытының мамандары қортпадан жасанды жолмен 35 келі уылдырық алған.

«Бұл – 1,2 млн дана уылдырық. Зауыт мамандары уылдырықты ұрықтандырып, шабақ кезеңіне дейін инкубациялауға арналған аппараттарға орналастырды. Уылдырықтан жетілдірілетін шабақтар алдымен бассейндерде өсіріледі. Кейін табиғи ортаға жіберуге дайын болғанға дейін арнайы тоғандарға ауыстырылады. Шабақтардың орташа салмағы 3 граммды құраған соң табиғи ортаға жіберіледі» дейді Аслан Жеңісұлы.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button