Атырауда заңсыз киік тасымалының 8 жағдайы тіркелген

7d12daeb 1211 46bc b0e9 806cc17e8539 Экология

Бұл туралы онлайн брифингте табиғат қорғау мекемелерінің мамандары айтты.

Атырауда «Ақбөкен» ауқымды табиғат қорғау акциясы басталды. Акция 31 желтоқсанға дейін жалғасады, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Акция туралы «Охотзоопром» мекемесінің Батыс өңірі бойынша филиалының директоры Арман Қожахметов, полиция инспекторы Нұрлыбек Утениязов брифинг барысында айтып берді.

«Жыл басынан бері киікті заңсыз аулаудың 8 фактісі тіркеліп, 7 киіктің ұшасы мен 750 мүйіз тәркіленді.

6 браконьер қылмыстық жауапкершілікке тартылды, табиғатқа келтірілген жалпы шығын 1 млрд 656 мың 685 теңгені құрады», – деді спикерлер.

974251dd cb2b 4970 aaf4 1868528839e7

Айта кетейік, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген киіктерді заңсыз аулау елімізде заңмен қудаланады.

Киіктерді заңсыз аулағаны, сатып алғаны, сақтағаны, өткізгені, олардың бөліктерін тасымалдағаны үшін мүлкін тәркілей отырып, 3 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз