Атырауда заңсыз киік тасымалының 8 жағдайы тіркелген
Бұл туралы онлайн брифингте табиғат қорғау мекемелерінің мамандары айтты.
Атырауда «Ақбөкен» ауқымды табиғат қорғау акциясы басталды. Акция 31 желтоқсанға дейін жалғасады, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
Акция туралы «Охотзоопром» мекемесінің Батыс өңірі бойынша филиалының директоры Арман Қожахметов, полиция инспекторы Нұрлыбек Утениязов брифинг барысында айтып берді.
«Жыл басынан бері киікті заңсыз аулаудың 8 фактісі тіркеліп, 7 киіктің ұшасы мен 750 мүйіз тәркіленді.
6 браконьер қылмыстық жауапкершілікке тартылды, табиғатқа келтірілген жалпы шығын 1 млрд 656 мың 685 теңгені құрады», — деді спикерлер.
Айта кетейік, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген киіктерді заңсыз аулау елімізде заңмен қудаланады.
Киіктерді заңсыз аулағаны, сатып алғаны, сақтағаны, өткізгені, олардың бөліктерін тасымалдағаны үшін мүлкін тәркілей отырып, 3 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.