
Экология
Атырауда «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік басталды

Бүгін Атырау қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кең ауқымды сенбілік жұмыстары басталды. Іс-шара барысында Жайық өзенінің жағалауын және қаланың барлық аумақтарын қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілуде.

Экологиялық акцияға облыстық басқармалар, қалалық және аудандық мемлекеттік мекемелер, қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ қала тұрғындары белсене қатысуда. Жұмыла атқарылған сенбілік — қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті арттыру және қала аумағын таза ұстауға бағытталған маңызды бастама.
Тоғжан ЕРМЕК