Жарнама
Экология

Атырауда табиғатты ластағандарға талап күшейеді

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ЕЛІМІЗДЕГІ ЛАСТАНУ ДЕҢГЕЙІ ЖОҒАРЫ ӨҢІРЛЕРДІҢ ҚАТАРЫНА ЖАТАДЫ. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ЛАСТАНУЫНА ӨҢІРДЕГІ ІРІ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ, АТАП АЙТСАҚ, «ТЕҢІЗШЕВРОЙЛ» ЖШС, СОЛТҮСТІК КАСПИЙ ЖОБАСЫ ОПЕРАТОРЫ (NCOC) КОМПАНИЯСЫ, «АТЫРАУ МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ» ЖШС, «ЕМБІМҰНАЙГАЗ» АҚ-НЫҢ ЕЛЕУЛІ «ҮЛЕСІ» БАР.

– Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жүзеге асырылатын шаруашылық жəне өзге де қызметтi тоқтата тұру туралы талап-арыздар ұсынылып, заңнама талаптарын бұзуға жол берген 8 табиғат пайдаланушының шаруашылық қызметі сот шешімдері бойынша тоқтатылды. Бұдан өзге, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-іне, NCOC компаниясына, «SMART-OIL» ЖШС-не, «Капуанов Б.З.» шаруа қожалығына, «Karabatan Utility Solutions» жəне «KPI Inc.» серіктестеріне қатысты жүргізілген тексерулер мен профилактикалық бақылаудың нəтижесінде оларға 209,5 млн. теңгеден астам айыппұл салынды, — деді облыстық экология департаментінің басшысы Əлібек Бекмұхаметов.

Атырау облысының экологиялық проблемаларын кешенді шешу бойынша Жол картасы əзірленген болатын. Мемлекеттік органдар мен кəсіпорындардың келісімімен Атырау облысының экологиялық проблемаларын кешенді шешу жөніндегі 2022-2025 жылдарға арналған Жол картасының жаңа нұсқасы жасақталып, өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Ал, 7 бөлімнен, 45 тармақтан тұратын Жол картасының орындалуы бойынша жұртшылықтың жəне қоғам өкілдерінің қатысуымен тоқсандық есеп беріліп отырылады екен.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте департаменттің өткен жылы атқарған жұмыстарымен таныстырған Əлібек Мұратұлы эмиссиялар жергілікті бюджет есебіне берілген жағдайда ол қаражаттардың қайда, қалай жұмсалатындығы жəне Жылыой ауданының экологиялық мəселелері туралы айтты. Сондай-ақ, БАҚ өкілдерінің эко белсенділердің жұмысына, департаменттің материалдықтехникалық базасының қаншалықты жолға қойылғандығы, климаттың ластануына, тұтынатын су тазалығына, қоқыс сұрыптау мəселелеріне қатысты жəне өзге де толғандырған сұрақтарына жауап берді.

 Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

фото ашық дереккөзден алынды

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button