Жарнама
Экология

Атырауда пластик жинағандарға балмұздақ таратылады

Экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаға құрметпен қарау және қалдықтарға екінші өмір сыйлау мақсатында Атырауда ерекше іс-шара ұйымдастырылады.

“Таза Қазақстан” жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында “Жасыл ел” ұйымы бүгін, 3 тамыз күні тұрғындар арасында экологиялық сауаттылықты арттыруға бағытталған іс-шара өткізеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, ереже өте қарапайым. Бес пластикалық бөтелке әкелсеңіз — 1 балмұздақ сыйға беріледі.

Бөтелкелер тек 1 сағат ішінде қабылданады: сағат 19:00–20:00 аралығында.

Айта кету керек, экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған бұл жұмыс Атырау қаласы Қайыршақты ауылдық округі, Жұлдыз-2 шағынауданындағы Орталық саябақта ұйымдастырылады.

А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button