Атырауда кәріз тазарту кешенінің құрылысы басталды (+ФОТО)
Жайық өзенінің оң жақ жағалау бөлігінен кәріз тазарту имараты (КОС) құрылысын салу басталуда. Қазіргі таңда мердігер мекемемен бекітілген кестеге сай шаралар атқарылып, жұмыстар жүргізілуде.
2021-2024 жылдар аралығында аталған жұмыстарды іске асыратын мердігер мекемені анықтау мақсатында ашық электронды конкурс арқылы «Павлодарский речной порт» мердігер мекемесі жеңімпаз атанды.
Аталған компаниямен 2021 жылдың тамыз айында келісім шарт жасақталды. Жобаға тапсырыс беруші — қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі. Аталған бөлім мамандарының айтуынша, осы жобаны іске асырғаннан кейін жылдар бойы қала тұрғындарының наразылығын тудырған қолданыстағы «Квадрат» буландырғыш тоғаны толықтай тазартылып, көгалдандырылмақ.
Сонымен қатар, өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартып, ағынды суларды Атырау қаласының техникалық қажеттіліктеріне пайдалануға мүмкіндік беретін көрсеткіштерге дейін тазартуды қамтамасыз ететін болады.
«Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі»